Жаңалықтар

Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді
Фото: t.me/KZgovernment 04.03.2025 11:40 112

2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқылануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Бұл «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар.
Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тендерлерге қатысу кезінде отандық компанияларға преференциялар бере отырып, конкурстық шарттарды қайта қарау маңызды қадам болды. Бұл қазақстандық кәсіпорындарды құрылыс жұмыстарына көбірек тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Қарағанды – Жезқазған» жобасы бойынша тендерге қатысушылар саны 2-ден 10-ға дейін өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға