Биыл 1-cынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана оқиды
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz
15.08.2022 19:29
1417
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған жаңа бағыттарды пысықтады, деп хабарлайды El.kz
«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында 2022-2023 оқу жылының жаңалықтары қаралды. Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 35 оқу аптасын, 2-11 сынып аралғында оқитындар үшін 36 оқу аптасын құрайды. Биыл қазақ тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана оқиды. Ал орыс тілін екінші сыныптан, ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап меңгереді», - делінген министрлік мәліметінде.
5 - 11 сыныпта оқитын балалар үшін вариативтік компонентке «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі. Әдістемелік нұсқау хатта вариативті компоненттегі сағаттарды ұтымды пайдалану, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар көрсетілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында оқушылар төрт жыл күткен мектеп ашылды