Жаңалықтар

Биткоин неге тез арада танымал болды?!

Жақында Kill Fish барлар желісі ақша ретінде биткоинды қабылдайтындығын мәлімдеді.
11.08.2014 04:19 3694

Жақында Kill Fish барлар желісі ақша ретінде биткоинды қабылдайтындығын мәлімдеді. Күннен күнге криптовалютаны дүкендер, кафелер мен ресторандардың көбісі қабылдап жатыр. Неге соншалықты тез арада жаңа валюта танымал болып бара жатыр?

 Биткоин неге тез арада танымал болды?!

Криптовалюта қайдан шықты?

Биткоинды 2009 жылы Сатоши Накомото ойлап тапты. Ол адам туралы ақпарат өте аз. Арнайы өзінің анонимділігін сақтап отыр. Биткоинның негізгі технологиясы – майнинг. Жүйедегі тұтынушылардың транзакцияларын верификациялайтын протокол. Осы қызметті орындайтындарды майнерлер деп атайды. Технология жұмысы алтын өндіруге ұқсайды, алғаш бастағанда алтын өндіруге оңай, бірақ уақыт өте келе кенорын тоза бастайды.

Жүйе қалай жұмыс істейді

Майнерлер – орталықсызданған peer-to-peer банк. Олар жүйені жұмыс қалпында ұстайды, транзакцияларды верификациялайды. Майнер болмаса басқа адамға қаржы жіберілмейді. Қазіргі уақытта майнерлер өз компьютері арқылы өткен транзакциялар үшін биткоиндар алып отырады. Биткоиндар біткен кезде транзакциялардан комиссиялар алатын болады. Кезінде биткоиндарды кішігірім компьютерлердің жиынтығы өндіретін. Бірақ қазір онымен айналысатын үлкен фермалар бар. Қазіргі таңда биткоиндарды пайдаланып өмір сүруге болады. Биткоиндарды үкімет бақылауда ұстай алмайды, сол себепті ол танымалдылыққа ие болуда. Битконинның басты идеясы – ешбір елге бағынбайтын валюта жасау.

Криптовалютаны пайдалану

Биткоиндарды бірнеше түрлі жолмен пайдалануға болады. Біріншіден, майнер болып, биткойндардан ақша табуға болады. Екіншіден, жұмыс берушілер айлықты биткоинда төлейтін болса. Жоғарыда аталғандай, биткоиндарды пайдаланатын мекемелер саны артып келе жатыр. Мысалы, Берлин, Сан-Франциско мен Ванкувер қалаларында бұл сала дамып кеткен. Биткоин әлемдегі барлық ақшаларға балама бола алады. Әдетте оны қарапайым ақша мен электронды ақшамен салыстырып жатады. Екі пікір де дұрыс. Ақша алмасуын жасау жеңіл, және оны керісінше ақшаға айналдыруға мүмкіншлігі бар.

Құқықтық жағы

Әзірге ешбір заңдық құжат биткоиндардың айналымын реттемейді. Кез келген орталықтанған биліктен тәуелсіз. Сол себепті оны басқару ұиын болып тұр. Уақыт өткен сайын мемлекет оларды қолға алуға тырысады. Керекті заңнамалық база да пайда болар еді. Қытай үкіметі мемлекеттік органдарға ақшаны биткоиндар биржасына ақша айналдыруға қарсы болып жатыр. Сонымен қатар бақылаушы органдарға бір адамның қолында қаншай биткоин бар екенін білу мүмкін емес. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға