Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
12.10.2023 21:30
793
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, мүше мемлекеттердің ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері ү.ж. 13 қазанда Бішкекте өтуге жоспарланған ТМД Саммиті барысында мемлекеттер басшыларының қарауына ұсынылатын құжаттардың жобаларын келістірді.
Бөлісу:
