Бишімбаевтың бұрынғы әйелі кітап жазып жатыр
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
24.10.2024 14:07
612
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі болған Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол іnstagrаm парақшасында өз өмірі жайлы кітап бастап кеткенін жеткізді.
Кітап мен туралы, бірінші некем жайлы болады. Қалай ажырасқаным туралы жазамын. Кітапта кейбір кейіпкерлер де бар, – деп нақтылап кетті.
Сонымен қатар, Назым кітаптың екі тарауын жазып қойғанын айтты.
Еске салайық, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қайғылы оқиға былтыр қараша айында орын алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада самбодан әлем чемпионаты өтеді
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді