Жаңалықтар

Бишімбаевтың адвокаттары судьяға наразылық білдірді

Бишімбаевтың адвокаттары судьяға наразылық білдірді
Фото: Видеодан кадр 11.04.2024 10:41 978

Астанада өтіп жатқан сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары судья Айжан Құлбаеваға сенімсіздік білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысын айыптаушы тараптың  Бишімбаевтың тергеуден бас тартқанын мәлімдеуінен басталған. Ол Бишімбаевтан желтоқсандағы тергеу әрекеттерінен бас тартуының себебін сұрады. Айыпталушы білікті қорғаушылар болмағанын және өзін нашар сезінгендіктен тергеуге қарсы болғанын айтты.

Осы кезде судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа бірнеше рет ескерту жасаған соң, қорғаушы тарап та өз наразылығын білдірді. Осыдан кейін судья алқабилерден сот залын босатуды сұрады. Кейін тікелей эфирдегі сот отырысы тоқтап қалды.

Қуандық Бишімбаевтың екінші адвокаты Назкен Құсайынова әріптесінің судьяға ресми наразылық білдіргенін атап өтті. Айта кетейік, қазіргі таңда Қуандық Бишімбаевтың екі адвокаты сот залына кіре алмаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға