Бишімбаевты айыптаған прокурордың қызметі көтерілді
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
15.07.2024 21:41
1146
Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша елімізге кеңінен танылған прокурор Айжан Аймағанованың қызметі көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Stan.kz-тің жазуынша, желі қолданушылары прокурордың әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан оның подполковник погоны (“әділет кеңесшісі” сыныптық шені) бар қызметтік киім кигенін байқап, құттықтай бастады. Аймағанова видеода прокуратурада жұмыс істеудің қаншалықтары мен артықшылықтары туралы айтады.
"Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Айжанда кәсіби шеберлілік, шынайылық, сұлулық бар", "Айжан, жаңа атағың құтты болсын!", "Қызметте өсуіңізбен құттықтаймын”, "Сен барлық жұлдыздарға лайықтысың" деп жазылған пікірлерде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға