Жаңалықтар

Бишімбаевтардың жазаны жеңілдету үшін 100 млн теңге бергені рас па?

Бишімбаевтардың жазаны жеңілдету үшін 100 млн теңге бергені рас па?
Фото: Жоғарғы сот 26.06.2024 11:13 649

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов үкімді жеңілдету үшін пара беру фактісі болмағанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор елорда тұрғыны Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деген сылтаумен 100 млн теңгені алдап иемденді деген күдікке ілінгенін хабарлаған. 

Ерлан Ғазымжанов алаяқтық фактісі бойынша жаңа деректерді жария етті.

Ақша беру фактісі болған жоқ. Бишімбаевтың ата-анасын бопсалағысы келді. Кейін олар оған тек ақша муляждарын берді. Сол арқылы ол адам ұсталды. Менің ойымша, егер оған көмектесіп, артында тұрғандар бар болса, олар да ұсталады, - деді адвокат. 

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны Г-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікке ілінді. Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға