Жаңалықтар

Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болған

Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болған
Фото: t.me/Jogargy_sot 04.04.2024 17:01 1096

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысының екінші бөлімі өтіп жатыр. Сот залында прокурорлар айыпталушыдан жауап алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Прокурор Саяхат Нұрбеков айыпталушыдан «Тергеу изолятронда өзіңізге қол салмақ болған екенсіз. Қандай мақсатта бұлай жасадыңыз?» деп сұрады.

Ондай жағдай болғаны рас. Салтанаттың өліміне қатысты деректерден көкірегім қарс айырылды. Сондықтан осындай қадамға бардым, - деді айыпталушы. 

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевты 5 ай бойы тергеу изоляторындағы бейне бақылаудан бақылап отырғанын және ол ешқашан суицид жасауға талпынбағанын айтты.

Бишімбаевтың адвокаттары бұл негізсіз дерек екенін айтып, судьядан прокурорға ескерту жасауды сұрады.

Мен бұл нәрсені сіз мені камерадан қарап отырсын деп жасаған жоқпын. Мен суицид істейтін болсам, ешкімге көрсетпей немесе білдіртпей істеу керек деп ойладым. Сондықтан сіз оны камерадан да көре алмаушы едіңіз, - деп жауап берді Бишімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға