Жаңалықтар

Бишімбаев соққыға жығылған Нүкенованың суреті өңделгенін айтты

Бишімбаев соққыға жығылған Нүкенованың суреті өңделгенін айтты
Фото: t.me/Jogargy_sot 01.04.2024 16:06 947

Астанада Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, үйленгеннен кейін Салтанат оны балағаттап, ыдыс-аяқ сындырып, Бишімбаевты өзі ұра бастаған.

Сонымен қатар ол Салтанаттың бет-жүзі көгерген суреті жайлы айтты.

Сол кезде ол мені бірінші рет ұрды. Содан соң татуластық. Бұл жанжал 20 наурыз мереке қарсаңында болды. Демалыста түнге дейін кездесу өткіздім. Мұнда көрсетілген сурет бізге беймәлім. Ол өңделген болуы мүмкін. 20 наурызда оған ешқандай зақым келген жоқ, - деді Бишімбаев.

Бишімбаев соққыға жығылған Нүкенованың суреті өңделгенін айтты

Фото: t.me/Jogargy_sot

Бұған дейін сот отырысында марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Салтанаттың бет-жүзі көгерген суретін көрсетіп, Бишімбаев оны жиі ұрғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға