Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылды

Фото: Жоғары сот
Фото: Жоғары сот
23.07.2024 16:09
751
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қуандық Бишімбаевтың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратты комитет растады.
Аталған сотталған адам сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге кезең-кезеңімен жіберілді. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмеді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды