Бишімбаев пен Нүкенованың жеке хаттары желіде қалай тарап кеткен? ІІМ жауап берді
Фото: facebook.com/saltanat.nukenova
Фото: facebook.com/saltanat.nukenova
11.12.2023 14:56
3086
Ішкі істер министрі Ержан Саденов марқұм Салтанат Нүкенова мен қамаудағы Қуандық Бишімбаевтың бұрыңғы хаттары желіде таралып кетуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Салтанат Нүкенова мен қамаудағы Қуандық Бишімбаевтың жеке хаттары желіде қалай таралғанын сұрады.
Осыған дейін айтылғандай күдіктілер қамауда. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Барлық дәлелді база қолда бар. Сондықтан да оның қорытындысы бойынша істі сотқа жолдаймыз, - дейді Саденов.
Дегенмен министр желіде таралып кеткен скриншоттарды көрмегенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға