Жаңалықтар

Бишімбаев мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе? Судья нақтысын айтты

Бишімбаев мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе? Судья нақтысын айтты
Фото: Видеодан кадр 13.05.2024 19:26 1147

Қуандық Бишімбаев жазасының үштен екісін өтеген соң шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Жоғары соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі, судья Сейфулла Тасымбетов шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдауға қандай факторлар әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Сотталған адам тағайындалған жазаның үштен екісін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқылы. Бұл ретте оның мінез-құлқы, өзін ұстауы, іс-шараларға қатысуы оның жазасын өтеуінің барлық кезеңінде, соның ішінде жәбірленуші тараптың пікірі де ескеріледі, - деді Тасымбетов.

Үйлестіруші судья Алма Есімова Қуандық Бишімбаев 16 жылдан кейін – 2039-2040 жылдары шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығын алатынын атап өтті.

Бұл шешімді сот жоғарыда аталған барлық факторларды ескере отырып қабылдайды.

Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.Ал туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға