Жаңалықтар

Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты айтылды

Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты айтылды
Фото: instagram.com/aitym 11.04.2024 14:35 4753

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

 Ол Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақытын нақты білмейтінін атап өтті.  

Сот медициналық сараптама қорытындысында Салтанат жарақат алғаннан кейін 6-8 сағаттан кейін қайтыс болды деп жазылған. Егер ол таңғы сағат 7.00-ден 9.00-ге дейін жарақат алса, онда Салтанат  сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін қайтыс болды, - деп атап өтті Байжанов.

Сонымен қатар, ол Салтанаттаың қаншалықты қиын жағдайда екенін түсіне алмағанын жеткізді.

Салтанатқа мұндай қауіп төніп тұрғанын елестете алмадым, бұл өмір мен өлім мәселесі деп ойламадым, -  деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға