Жаңалықтар

Бишімбаев ісі: Прокурорлар Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгертпек

Бишімбаев ісі: Прокурорлар Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгертпек
Фото: ҚР Жоғарғы сот 29.04.2024 14:54 2917

Астанада Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы басталды. Мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков Бишімбаевтың туысқан інісі Бақытжан Байжановқа қатысты айыпты өзгерту туралы сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыс жайлы хабарламағаны туралы айыпты алып тастамақ. Ал оның орнына  аса ауыр қылмысты жасырды деген бап бойынша сот тергеуін қайта бастауды талап етті.
 
Мемлекеттік айыптаушы Байжановты Бишімбаевқа тағылған қылмысты белсенді түрде жасыруға тырысқан деп айыптап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

  • 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
  • 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Енді Байжановтың қорғаушыларына жаңа айыптау актісімен танысуға үш күн уақыт берілді. Судья Айжан Құлбаева Байжановсыз сот жарыссөзін жалғастыру мүмкін емес екенін айтты. Сот отырысы 2 мамыр күні жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға