Бишімбаев ісі: Алқа бидің біреуі ауысты
Фото: Астана сот баспасөз қызметі
Фото: Астана сот баспасөз қызметі
15.04.2024 11:22
650
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот процесі басталмай тұрып алқа билердің бір мүшесі ауысты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Алқа билердің бір мүшесі денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмайды. Мұндай жағдайда заң бойынша оның орнын қосалқы алқа би мүшесі алмастыруға тиіс. Бұл ретте қосалқы алқа би мүшесі өз орнына жайғасып, сот процесі жалғасын тапты.
Бишімбаевтың адвокаттары сот отырысына қатыса алмаған алқа би мүшесінің денсаулығында кінәрат бар екенін дәлелдейтін құжаттарды сұрады. Сот хатшысы тиісті қағаздарды көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам кешірім сұрады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты