Жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты қандай шешім қабылдануы мүмкін?

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты қандай шешім қабылдануы мүмкін?
Фото: parlam.kz 27.02.2025 11:43 275

Осыған дейін парламент депутаттары мүдделі мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуі мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын наурыз айына дейін аяқтауды тапсырған болатын. Осыған байланысты нақты қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің айтуынша, уақыт белдеуіне қатысты мәселеде нақты шешім әлі де қабылданбаған. Десе де, бірқатар ұсыныстар бар дейді.

Уақыт белдеуінің өзгеруі Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының тұрғындарына өз әсерін тигізді. Аталған мәселені шығыстан сайланған депутаттар бірнеше мәрте көтерді. «Аманат» партиясының фракциясында да екі рет қаралды. Үкімет алдағы наурыз айында шешім шығарамыз деп уәде берген болатын. Соны күтіп отырмыз. Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты берілген ұсыныстардың ішінде уақыттың қысқы және жазғы уақыт форматы бар. Естеріңізде болса бұл 2005-2006 жылдары бізде қолданылған еді. Менің ойымша, осы форматты қойған тиімді болады. Ал тиісті министрліктер бүгінгі уақыт белдеуінің денсаулыққа пайдасы барын айтуда. Бірақ, зияны туралы ақпарат жоқ. Оған қоса қазір энергия қуатына қатысты шығындарды да қарастыру керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге тигізіп жатқан әсерін де зерделеу керек. Аталған мәселелер толық зерттеліп, алдағы наурыз айында оңтайлы шешім қабылдануы тиіс, – деді Темір Қырықбаев.

Айта кетейік, елдегі бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты қоғам сұранысынан кейін қосымша зерттеулер жүргізуге шешім қабылданған болатын.    

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға