Жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуі: өзгерістерге дайындық

Бірыңғай уақыт белдеуі: өзгерістерге дайындық
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 22.01.2024 20:02 733

Ақтөбе облысында UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселелерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге елордадан келген ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ғалым, биотехнолог Әмір Қуат, сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Әсет Қалиев, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Осы аптада еліміздің төрт өңірінде осындай түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Біз қоғамды, азаматтарды ақпараттандыру маңызды деп санаймыз, өйткені мәселе бәріне ортақ. Ақтөбе облысының тұрғындарына бұған дейін еліміздің 15 өңірінде белгіленген «уақытқа қатысты кедергілер» алынып тасталады, коммуникациялар жеңілдетіледі, - деп атап өтті Қуаныш Елікбаев.

Медицина тұрғысынан Әсет Қалиев «Әрине, уақыт белдеулері адам денсаулығына әсер етеді және халықтың уақыт белдеуіне көшуі үлкен пайда әкеледі. Балаларды ұйқыға біртіндеп 15 минут бұрын, кейін – 30 минутқа, содан кейін – 45 минут және сағатқа ауыстыру арқылы біртіндеп көшуге дайындау керек. Осылайша кезең-кезеңімен бейімделу болады.

Бұл сұраққа Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі Сергей Вишняк жауап берді. Ол: «Елімізде әртүрлі (бірнеше) уақыт белдеулерін пайдалану ыңғайлы болды ма? Жоқ екені анық. Бизнес, басқару, байланыс үшін бір уақыт белдеуі ыңғайлы».

«Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» ЗТБ республикалық орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев қабылданған шешімді қолдап, азаматтарға, ұйымдарға, кәсіпорындарға Бірыңғай уақыт белдеуін пайдалану ыңғайлы әрі оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Еламан Итеғұлов өзгерістердің бизнеске әсері тұрғысынан сөз сөйледі: «Бірыңғай уақыт белдеуін қолдану бизнес-мәмілелерде банктік аударымдарды жүзеге асыру кезінде е ыңғайлы, шетелдік бизнес-серіктестермен қарым-қатынасты біріздендіруге және шатасуды жоюға көмектеседі».

Қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова жұртшылық қабылданған шешімді және жүргізіліп жатқан түсіндіру іс-шараларын қолдайтынын алға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселелері бойынша түсініктемелер бірқатар өңірде, соның ішінде Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға