Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 6 облысында тұман түсіп, жел соғады
22 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
6 өңірде күн райы бұзылады деп күтілуде.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 23-28 м/с жетеді деп болжанды.
Шымкент қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел соғады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 22, түнде 23 қаңтарда екпіні 23-28 м/с жел көтерілуі ықтимал.
