Бірқатар өңірде ауа айына байланысты ескерту жарияланды
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында күші – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде , күндіз оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендеп, 22-27 градус аяз болады. Павлодар қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында түнде жаяу бұрқасын көтеріледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші – 15-20 м/с. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
