Жаңалықтар

Бірқатар кәсіпорындар мемлекет меншігіне беріледі – Үкімет

Бірқатар кәсіпорындар мемлекет меншігіне беріледі – Үкімет
Фото: primeminister.kz 19.11.2022 09:01 2145

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының және т. б. басшылары қатысты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға