Бірнеше өңірде өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
31.07.2022 02:29
1326
Төрт облыста қатты жаңбырға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz.
Қазгидромет кәсіпорнының болжамынша, 2022 жылдың 30 шілде мен 1 тамыз аралығында таулы өңірлерде қатты жауын-шашын жауады.
Осыған байланысты Жамбыл, Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарының тау және тау етегіндегі аудандарында жаңбыр суы таудан сел болып ағып, өзендерде су деңгейі көтеріледі деген болжам бар.
Қазгидромет өңір тұрғындарына осы үш күн бойы тауға шықпай, барынша абай болу керектігін еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде өткелден секірмек болған жігіт құтқарылды