Жаңалықтар

Бірнеше өңірде +45 градус ыстық болады

17-19 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-45 градус өте қатты ыстық болады.
Бірнеше өңірде +45 градус ыстық болады
17.07.2022 08:22 4876

Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

17-19 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-45 градус өте қатты ыстық болады.

Атырау облысының оңтүстігінде де 42 градус өте қатты ыстық сақталады.

18 шілдеде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз 19 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда найзағай ойнап бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде және шығысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.

Абай облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақжауып, дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болып, солтүстіктен жел соғады. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ жауады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға