Жаңалықтар

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Алдағы үш күнде қатты жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: 24.kz 03.02.2023 07:19 1234

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

2-5 ақпан аралығында  Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты жауын-шашын, көктайғақ орын алуы ықтимал.

Түркістан облысында 4 ақпанда түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктерінде, 5 ақпанда таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, 3 ақпанда таулы аймақтарында 15-20 м/с, 04-05 ақпанда оңтүстікте, таулы аймақтарында және тау бөктерінде 15-20 м/с-қа жететін жел соғады, - делінген хабарламада.

Шымкент қаласында 4 ақпанда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Алматы облысында 5 ақпанда жауын-шашын, облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман, 05 ақпанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында 5 ақпанда облыстың таулы аймақтарында және тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға