Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Фото: El.kz 29.04.2024 05:27 553

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 сәуірде елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 29 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, найзағай кезінде екпіні 23 м/с болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 29 сәуірде оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға