Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы: 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 23:30-да Алматы облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты “Көкпек-Кеген-Тюп” автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады
Абай облысы: 2024 жылғы 15 желтоқсанда сағат 23:00-де республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасынан-Қалбатау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Жетісу облысы: 2024 жылғы 15 желтоқсанда сағат 23:00-де республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолының 480-615 шақырым аралығында
(Кольбай ауылы-- Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Жолды 2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
