Жаңалықтар

Бірнеше министр өз орнында қалды

Бірнеше министр өз орнында қалды
Фото: Ақорда 04.04.2023 11:30 890

Елімізде бірнеше министр өз орнында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.

Ал Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына, Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына, Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына, Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына және Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға