Жаңалықтар

Бірінші қаңтардан бастап күшіне енетін заңдар жиыны

Жаңа жылдан бастап күшіне енетін заңнамалық негіздер
Бірінші қаңтардан бастап күшіне енетін заңдар жиыны
Фото: pnp.ru 01.01.2023 11:00 2833

Өткен жыл елең еткізер жаңалықтар мен тарихи оқиғаларға толы болды. Жаңа жылға артар үміт көп. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізілетінін мәлімдеген болатын. 2022 жылдың өзінде 68 заңға, 422 жарлыққа, 137 өкімге қол қойылды. Ішінде бірінші қаңтардан бастап күшіне енетіндері де бар. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі жаңа заңдарға шолу жасап, назарларыңызға ұсынуда.

Әділет министрлігінің берген жоспарында 2023 жылы 34 заң жобасын күшіне енгізу көзделген.Бірінші жартыжылдықта Парламентке 15 заң жобасын, ал екінші кварталда 19 заң жобасын енгізу қажет екендігін мәлімдеген болатын.

  • Сайлау: 14 қаңтарда сенат депутаттарын сайлау өтеді.
  • Жалақы: қаңтардың алғашқы күнінен бастап күшіне енген заң бойынша, ең төменгі жалақы 70 000 теңгені құрады. Ал зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері -24 341 теңге, айлық есептік көрсеткіш АЭК - 3 450 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі - 40 567 теңге болды.
  • Несие: сонымен қатар биылдан бастап жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік гранттар мен қатар 2,5 пайыздық несие берілетін болады. Ол үшін басты қағида бизнес жоспар халыққа тиімді бастама болуы қажет.
  • Проблемалық несие: «Жеке тұлғаларды оңалту және олардың банкроттығы туралы» Заң іске қосылалы. Аталған заң жобасы жеке тұлғалардың үш шарт бойынша өзін банкрот деп жариялап, несие төлемін азайтып немесе мүлдем жоя алады. Оған қоса, өзін «банкрот» деп жариялаған азаматтар 5 жыл бойы қарыздар мен несиелер ала алмайды және банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады. Бұл өзгеріс кредитін төлей алмай жүргендерге сеп болмақ.
  • Сот: маусым айында өткен референдумда мәлім етілгендей, бүгіннен бастап Конституциялық сот өзінің қызметін бастайды. Бұл отандастарымыздың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қорғауға мүмкіндік береді.
  • Әлеуметтік кодекс: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар арасында әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытында жаңа кодекс жобасын әзірледі. Әлеуметтік кодекс қоғам арасында сын-қатер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отыра, тұлғаларға өмір бойы қолдау көрсетеді.
  • 4 күндік жұмыс: жоғарыда көрсетілген әлеуметтік кодекс қабылданған жағдайда жұмыс күндеріне өзгеріс енгізіледі деп күтілуде.
  • Мобильді аударым: банктер салық органдарына лауазымды тұлғалардың аударымдары туралы ақпарат беретін болады. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайы, квазимемлекеттік ұйым қызметкерлеріне. Алайда 2024 жылдан бастап олардың қатарына жеке кәсіпкерлер мен компания басшылары да қосылады деп жоспарлануда.
  • Туу жәрдемақысы: бірінші, екінші және үшінші баланың тууына 1 қаңтардан бастап – 131 100 теңге; төртінші және одан да көп балаға– 217 350 теңге.
  • Бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы: бірінші балаға – 19 872 теңге; екінші балаға  – 23 495 теңге; үшінші балаға – 27 083 теңге; төртінші және одан да көп балаға – 30 705 теңге.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға