Жаңалықтар

Біреудің қателігінен сабақ алу маңызды - Асхат Қасенғали

Біреудің қателігінен сабақ алу маңызды - Асхат Қасенғали
Фото: facebook.com/Асхат Қасенғали 23.03.2024 20:30 1144

Сарапшы Асхат Қасенғали Ресейдегі терактқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің назары Мәскеуде. Кешегі лаңкестікте қаза тапқандар саны 143 адамға жетті дейді ақпарат көздері. Ресейдегі лаңкестікті әлемнің барлық елдері мен құрылымдары айыптауда. БҰҰ, НАТО, АҚШ, Еуропа елдері және басқа. Қазақстан да қатаң айыптайтынын айтты. Ол түсінікті де. Ешкім лаңкестікті жақтамасы анық. Бүгін осы лаңкестік оқиғасынан кейін бізде де Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен. Оған президент қатысып, терроризммен күресу шаралары, оның алдын-алу әрекеттері мен халықаралық ұйымдармен әріптестікті арттыру талқы болыпты, - дейді Асхат Қасенғали.

Ол осы қателіктен сабақ алу маңызды екенін атап өткен.

Біреудің қателігінен сабақ алу маңызды. Ресейдегі кешегі оқиғада қаза табушылардың көп болуы бірнеше қателікке байланысты дейді сарапшылар. Күзетшілерде қару болмаған, ал ғимаратта өрт қауіпсіздік шарасы сақталмаған (түтінде тұншығып көз жұмғандар көп), эвакуациялық есіктер жабық тұрыпты және басқа дегендей. Біреудің қателігінен сабақ алу керек, - дейді сарапшы.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен соң 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға