Жаңалықтар

Бір жылда 23 келіге жуық есірткі тәркіленді

Бір жылда 23 келіге жуық есірткі тәркіленді
03.07.2022 07:33 1076

2021 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі 22 кг 734 гр әртүрлі есірткі контрабандасының 28 фактісін анықтады, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл құқық қорғау және арнайы органдар бірлесіп есірткі контрабандасына қатысты 14 факті анықтады. Заңсыз айналымнан 2 кг 200 гр әртүрлі препараттар тәркіледі.

Халықаралық аналитикалық агенттіктердің зерттеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдары ел ішінде анықтаған фактілер тұтынушы елдерде синтетикалық есірткіні тұтыну мен өндірудің артқанын, сондай-ақ халықаралық пошта және курьерлік қызмет арналары арқылы айналымның өскенін байқатады, - дейді мамандар.

Мәселен, 2021 жылдың қараша айында «Астана-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Ит азығы» халықаралық пошта жөнелтілімінде ҚМА қызметкерлері жалпы салмағы 900 грамм болатын «амфетамин» психотроптық затын тауып, тәркілеген.

Сонымен қатар, 30 мамыр күні ҚМА Түркістан облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Жібек Жолы кеден бекеті арқылы Қазақстаннан Өзбекстанға бара жатқан Өзбекстан азаматынан 57 грамм «гашиш» есірткі затын тауып, тәркілеген. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Германия, Нидерланды, Ресей, Беларусь, Польша және Литваның құқық қорғау және кеден қызметтерімен бірлесіп жүргізген халықаралық арнайы операцияның нәтижесінде ҚМА қызметкерлері салмағы 1 тоннадан асатын героиннің халықаралық айналымын жойған болатын. Бұл есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің әлемдік тарихындағы екінші ірі героин партиясы.

Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға