Жаңалықтар

Бір жыл ішінде қанттың бағасы 61% шарықтаған

Фото: rg.ru
Бір жыл ішінде қанттың бағасы 61% шарықтаған
03.06.2022 16:14 2744

Ауылшаруашылығы министрлігі қант тапшы десе, Сауда және интеграция министрлігі бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр. Алайда елімізде қанттың айналасындағы дүрбелең басылмай тұр. Бір жылдың ішінде қант бағасы бақандай 61% өскені белгілі болып отыр,- деп хабарлайды El.kz.

Тиісті мекемелер қант тапшылығын қазақстандықтар өздері қолдан жасап отыр деген ойда. energyprom.kz сарапшыларының пікірінше, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 81,8 мың тонна қант өнідірілген. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 2,1% кем.

Бір жыл ішінде қанттың бағасы 61% шарықтаған

Қант өнімінің 56,5 мың тоннасы Жамбыл облысында өндіріледі. Бірінші кварталдың қорытындысына сай отандық өндірушілер қантқа деген сұраныстың 39% қамтамассыз еткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 43,8% болса керек. Осылайша көрсеткіш бірден 25,2% төмендегені белгілі болып отыр. Импортталатын өнімнің де көрсеткіші 9% кеміген. Яғни 60,1 мың тоннаға азайған.

Нәтижесінде 2022 жылдың бірінші кварталында ішкі нарықтағы қанттың мөлшері 98,5 мың тоннаны құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,7% азайған. Ал экспорттың мөлшері 8 есеге кеміген.

Алайда бүгін өткен брифинг барысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев сауда нысандары мен тұрақтандыру қорларында шамамен 31 мың тонна көлемінде қант қоры барын айтқан болатын.

Ведомоство басшылықтары қант өндірісі үздіксіз жүріп жатқанын айтып, зауыттарда өңдеуге арналған 29 мың тонна қант шикізаты бар екенін, тағы 23 мың тоннасы жолда - 116 вагон бірнеше күн ішінде қазақстандық зауыттарға өңдеуге жеткізілетінін айтты.

Ресми дерекке назар салсақ, жалпы қорда барлығы 60 мың тоннадан астам қант бар, бұл халықтың қажеттілігін өтеу үшін жеткілікті. Қазіргі уақытта зауыттардан қант ел өңірлеріне жеткізіліп жатыр. Осылайша, ҚТЖ темір жолдарында 177 вагон бар, оның ішінде - 144 вагон тиісті жеріне жетсе, 33 вагон жолда.

Мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам қант тиелді, маусым айында зауыттардан 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланып отыр, олар сауда объектілеріне жеткізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға