Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Сонау 1991-де Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағанда біздегі көпэтностылықты ең қатерлі «бомбаға» балап, «Қазақстанның болашағы көпұлттылығынан бұлыңғыр» деп «сәуегейлік» айтқандардың теріс пиғылын тас-талқан етіп, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тап сол «бұлыңғырлықты» ортасынан сейілтетін бірегей ұлттық стратегия – Қазақстан халқы Ассамблеясын өмірге әкелген еді. Міне, бүгін күллі әлем Елбасы тудырған осы өміршең идеяның шешектеп гүл ашқанын, Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікпен бір халық болып ұйыса түскенін, орнықтылықты арқау етіп, орасан жетістіктерге жетіп отырғанын көріп-білді!
Елбасы зұлмат жылдарда Қазақ топырағына қоныс аударылған сан түрлі ұлттың баласын бауырына басқан қазақ халқының дархандығын айтудан бір жаңылған емес. Осы дархандық емес пе еді – өзі де жарты, жарым құрсақ бола жүріп, жылап келген елдің жүзін жылытқан, жарты болып келген елді бүтін еткен!
Елбасы айтты: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келі-сімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды, әсіресе, бүгінгідей дүние дүрбелең заманда.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі!
ҚХА ХХ сессиясының рухымен үндесіп, 25 сәуірде Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Халықаралық конференция өтті. Елбасы атап айтқан қоғамдық келісімнің бір ұшы рухани келісіммен сабақтасып жатқаны белгілі. Қазақстандағы дәс-түрлі діндер өкілдерінің өзара түсіністігі мен бір-бірінің сеніміне құрметі жалпы қоғамдық келісімге берік тиянақ болуда. Бұл жайында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф өз баяндамасында: «Біздің еліміз тәуелсіздіктің 20 жыл-дан астам уақыты ішінде көптеген түрлі қауіп пен қатерлерге кезікті, алайда өзінің бірегей қазақстандық жолымен жүре отырып, олардың бәрін жеңе білді. Бұқара халық, діни бірлестіктер, этникалық топтар, ғылыми және шығармашылық қауымдар өкілдері ақпараттық және түсіндірме жұмысына, рухани мұра мен ұлттық мәдениетті насихаттауға, рухани құн-дылықтарды радикалды діни ағымдардан қорғауға бұдан да белсенді атсалысуы тиіс», – деп атап өтті.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ
Айгүл ҚАЛЫСБАЕВА, Мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры:
ҮНДЕСТІК СЫЙЫ
Бүгінгі дүниеде ауызекі тілдерді былай қойғанда жазба тілдер мен этностық мәдениеттердің күн санап азайып, керісінше, ұлтаралық, дінаралық келіспеу-шіліктердің ара-жігі алшақтап, тереңдеп бара жатқаны жасырын емес. Ал Тәуелсіз Қазақ елінде бірде-бір этнос тілі мен дәстүрінен, сенімінен айырылған жоқ. Елбасы атап өткендей: «Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстандағы тілдердің, мәдениеттер мен салт-дәстүрлердің этностық көптүрлілігі сенімді үндестікке, өзіне тән реңктер мен әсемдіктер молшылығына ие болды». Біз осы молшылықтың, әдемі жарасымдылықтың бақытты куәгерлеріміз. Әрине, Отанымыз бір, халқымыз бір, тағдырымыз, болашағымыз бір болған соң, бізді біріктіретін ортақ тілдік мәдениеттік тұтастық та ауа-дай қажет. Ол – баршамызға ортақ мемлекеттік тіл мен бай қазақ мәдениеті. Біз өзіміздің бет-бейнемізді сақтай отырып, осы ортақтыққа ойыса түсуіміз керек. Бұл біздің болашаққа аман-есен жетуіміздің Елбасы меңзеген қазақстандық жолы.
Бізде рухани теңдік, сонымен бірге, экономикалық та теңдік бар. Бүгінгі үдерісте экономикалық мүмкіндіктің рөлін төмен бағалауға болмас. Ата Заңымызда барша қазақстандықтың кез келген игілікте тең құқыққа ие екендігі айқын жазылған.
Басқасын айтпағанда, еліміздегі іргелі ұлттық компаниялардың акциялары барша Қазақстан азаматтарына ортақ ұсынылып отыр. Біз Қазақстанның азаматы ретінде мемлекеттің активтеріне ие болудамыз. Бұдан озған қандай экономикалық теңдік болуы мүмкін?! Бұл біздің ортақ Отанымыз, Қазақстанымыздағы аты-затына сай біртұтастықтың белгісі!
Валентина КУБРАК, қалалық мәслихат депутаты:
БІРТҰТАСТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
Бізде рухани теңдік, сонымен бірге, экономикалық та теңдік бар. Бүгінгі үдерісте экономикалық мүмкіндіктің рөлін төмен бағалауға болмас. Ата Заңымызда барша қазақстандықтың кез келген игілікте тең құқыққа ие екендігі айқын жазылған.
Басқасын айтпағанда, еліміздегі іргелі ұлттық компаниялардың акциялары барша Қазақстан азаматтарына ортақ ұсынылып отыр. Біз Қазақстанның азаматы ретінде мемлекеттің активтеріне ие болудамыз. Бұдан озған қандай экономикалық теңдік болуы мүмкін?! Бұл біздің ортақ Отанымыз, Қазақстанымыздағы аты-затына сай біртұтастықтың белгісі!
Ильмира РАСИМҚЫЗЫ, татар-башқұрт этно-мәдени орталығының мүшесі:
ЕЛ БЕДЕЛІ – ОРТАҚ АБЫРОЙ
Тәуелсіз Қазақстандағы этностар ана тілін, ата дәстүрлерін сақтап, жалғастырудың мол мүмкіндіктеріне ие екендігін мақтанышпен айта алады. Парламенттен иеленіп отырған 9 бірдей мандат, облыс орталықтарында, ірі қалаларда жұмыс істеп тұрған Достық үйлері, аудан, ауылдардағы этно-мәдени орталықтар болмысымызды сақтай отырып, жаңғырып-жаңаруымызға, береке-бірлікпен болашаққа қадам басуымызға қалтқысыз еңбек етуде. Қазақ халқымен бірге қайнасып қалыптасқан 130-дан астам ұлт өкілдерінің біртұтастығы – біздің баға жетпес байлығымыз. Бірлікті тірлікті арқау еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде БҰҰ танитын бедел мен биіктікке көтерілді. Біз Елбасы бағдарлап берген «Қазақстан-2050» Стратегиясын бетке ұстап, күшеюіміз, өсіп-өркендеуіміз, баршамызға баянды өмір сыйлаған Қазақстанымызды қуатты мемлекетке айналдыруға атсалысуымыз керек.