Бір айда 85 рет ереже бұзған жүргізуші ұсталды
24.06.2022 07:44
998
Рудный қаласында бір айда 85 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады EL.KZ «Хабар24» арнасына сілтеме жасап.
Оның айыппұл сомасы екі миллион теңгеден асып түскен. Рейд барысында облыс орталығында тағы бір жүргізуші жауапқа тартылды. Қостанай тұрғыны 47 рет ереже бұзыпты. Енді бір миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс. Ал көліктері айып тұрағына қойылды.
Жалпы жыл басынан бері өңірде жауапсыз жүргізушілерге 265 миллион теңгеге 42 мың әкімшілік айыппұл салынған.
– Рудный қаласында ұсталған жүргізушіде жүргізуші куәлігі мүлдем болмаған. Ал Қостанай қаласындағы «Мазда» көлігінің иесінде сақтандыру полисі болмаған. Сондықтан нұсқаулар үйлеріне жеткізілмеген, – деді ПД әкімшілік практика бөлімінің басшысы Серік Әбдіхалықов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Украина мен Молдоваға ЕО-ға кандидат статусы берілді
Келесі жаңалық
«Кендірлі» су тұщыту зауыты қаншалықты тиімді болады