Жаңалықтар

Бір айда 120 келіден астам есірткі тәркіленді - ҰҚК

Бір айда 120 келіден астам есірткі тәркіленді - ҰҚК
08.07.2022 23:29 2059

Есірткі және психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі қауіптерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін іске асырып жатыр, EL.KZ комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл маусым айында ҰҚК есірткіге қарсы 21 операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізді. Есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды - делінген хабарламада.

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. 

Заңсыз айналымнан 120,6 кг есірткі, оның ішінде 61,8 кг синтетикалық есірткі (206 мың "бір реттік дозаға" баламалы), 6 кг марихуана, 52,7 кг гашиш тәркіленді. Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылды. Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы "қара нарықта" 1.3 млрд теңгеден астам бағаланады - дейді ҰҚК өкілдері.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғаса береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға