Жаңалықтар

Бір жылда Қазақстанда 14 аймақтық IT хаб ашылды

Бір жылда Қазақстанда 14 аймақтық IT хаб ашылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 27.08.2024 20:10 305

Президенттің 2023 жылғы Жолдауында берген тапсырмасы аясында елімізде 14 аймақтық IT хаб ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн» деген еді.

Бір жылда Қазақстанда 14 аймақтық IT хаб ашылды

Бұл тапсырма шеңберінде бүгінде 14 аймақтық IT хаб ашылды. Олар:

  • Terrikon valley (Қарағанды қ., Қарағанды облысы)
  • Abai IT Valley (Семей қ., Абай облысы)
  • Kyzylorda Hub (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.)
  • Digital Jetisu (Талдықорған қ., Жетісу облысы)
  • ZhambylHub (Тараз қ., Жамбыл облысы)
  • Oskemen it Hub (Өскемен қ., ШҚО)
  • Jaiq Hub (Орал қ., БҚО)
  • Turkistan it Hub (Түркістан облысы Қ.)
  • Qostanay it Hub (Қостанай қ., Қостанай облысы)
  • Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ., Ақтөбе облысы)
  • Aqmola it Hub (Көкшетау қ., Ақмола облысы)
  • Pavlodar it Hub (Павлодар қ., Павлодар облысы)
  • Mangystau Hub (Ақтау қ., Маңғыстау облысы)
  • Alatau Hub (Қонаев қ., Алматы облысы)

2024 жылдың соңына дейін тағы 5 IT хаб (Атырау, Шымкент, Жезқазған, Петропавл және Жаңаөзен қалаларында) ашу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға