Жаңалықтар

Бір ЖШС-қа ғана тиесілі. 60 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336 миллион теңгені құрайды.
Бір ЖШС-қа ғана тиесілі. 60 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Фото: qazaqstan3d.kz 25.08.2022 02:36 1161

Жамбыл облысында 60 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды EL.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды.

Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды. Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Департамент Жамбыл облысы әкіміне биыл 28 шілдеде аталған серіктестіктен жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хат жіберген. Соның негізінде 19 тамызда Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 мың га жерді қайтарды.

Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336 миллион теңгені құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға