Бір жасар қызын ұрып өлтірген әйел қамауға алынды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
01.03.2024 16:32
2456
Новосібір қаласында бір жасар қызын өлгенше диванның қаңқасына ұрған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Первомайский аудандық соты Алина Водневаны тұтқындады. Ол 2023 жылдың 23 желтоқсанында бір жастағы қызының аяғынан ұстап, диванның қатты тұсына басын үш рет соққан. Нәтижесінде жабық бассүйек-ми жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.
Бұған дейін, Алматыда 7 жасар қыздың өліміне қатысты тың деректер айтылғанын хабарлаған едік.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Сұлулықтың эталоны»: Динара Сәтжан нәзіктігімен тамсандарды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды