Бір тәулікте коронавирус 97 адамнан анықталды
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Фото: El.kz
Фото: El.kz
11.02.2023 10:12
914
Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясының – 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус (КВИ+) –1 508, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ыстанбұлдағы бас консулдық қазақстандықтарды есепке алып жатыр
Келесі жаңалық
Енді жәрдемақы алатындардың банк шоттары тексеріледі