Бір тәулікте 241 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
28.12.2022 09:32
1404
Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 231, коронавирус белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан (коронавирус (КВИ+) –2 480, пневмония (КВИ-) –141) 2 621 адам емделуде. Олардың ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр;
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті