Жаңалықтар

Бір сағатта жүрегі үш рет тоқтаған: жүкті әйел клиникалық өлімнен құтқарылды

Бір сағатта жүрегі үш рет тоқтаған: жүкті әйел клиникалық өлімнен құтқарылды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 29.08.2024 13:21 623

Елордалық дәрігерлер бір сағатта жүрегі үш рет тоқтаған жүкті әйелді клиникалық өлімнен құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жағдайы өте ауыр жүкті науқас жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. 30 жастағы Анастасия жүктілік кезіндегі ауыр созылмалы аурудың салдарынан жүректің үш рет тоқтауынан кейін шок күйінде жеткізілді.

Дәрігерлер реанимация бөлімшесінде ӨЖЖ аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күресті. Ауруханаға түскен күннен бастап бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. 1 ай бойы барлық медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасынла науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді, - делінген мәліметте.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінгі күні науқас өзін жақсы сезінетінін және ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға