Бір күнде 279 адамнан коронавирус анықталды
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz
15.12.2022 09:09
1171
Қазақстанда өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болған.
«15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда»,-делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 13 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазгидромет 15 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды