Жаңалықтар

"Бір аяғым қысқа" Қайрат Әділгерейдің той үстінде қалай құлағаны белгілі болды

"Бір аяғым қысқа" Қайрат Әділгерейдің той үстінде қалай құлағаны белгілі болды
Фото: instagram.com/kairat_adilgerey 04.04.2023 18:45 1667

Белгілі әзілкеш әрі дубляж өнерінің шебері Қайрат Әділгерей желіде таралып кеткен бейнежазбаға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан біраз уақыт бұрын асаба Қайрат Әділгерейдің той үстінде шалқасынан құлаған видеосы таралған еді. Әзілкеш бұлай құлауына аяғының қысқалығы себеп болғанын айтты.

Бұл 2021 жылдың күзінде Өскеменде болған той еді. 2022 жылдың қаңтарында тарала бастады. Осыны түсірген жігіт дайректке жазып, видеоны жариялауға рұқсат сұрады. Мен оған өз парақшасына салып, мені белгілеп кетуін өтіндім. Видео солай таралып кетті. Негізі "ақты, ақ орамалды баспа" деген нәрсе миымда тұрған ғой. Бір аяғым қысқа болғандықтан осылай құлап қалдым, - деді Қайрат Әділгерей "Жақсы адамдарым" бағдарламасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kairat Dombayev (@kairat_adilgerey)

Айта кетелік, видеода той жүргізіп тұрған Қайрат Әділгерей жастарға арналған ақ жолдың үстінен аттамақ болып, шалқасынан құлап қалады. Аталған видео әлеуметтік желіде кеңінен таралған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға