Жаңалықтар

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Фото: gov.kz 24.12.2023 08:31 1089

«Бір ауыл – бір өнім» 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға сәйкес әзірленген «Мен кәсіпкер» құралы аясында іске асырылуда. Жобаның мақсаты – сертификаттаудан өткен әрі сұранысқа ие бірегей сапалы өңірлік өнімді жасауға ауыл тұрғындарын тарту, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуетті өндірушілерге «Бір ауыл – бір өнім» қызметтері әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарында ұсынылады.

Үздік өнім еліміз бойынша іріктеліп алынады. Биыл жобаға 500-ден астам кәсіпкер қатысты. Аталмыш жоба ең перспективалы тауарларды анықтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде негізінен тамақ өнімдері, ұлттық бұйымдар мен биотехникалық өнімдер бар.

Жобаның іріктелген қатысушыларына өндіріс технологиясы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өнімді жылжыту және өткізу, тауар белгілері мен сапа стандарттарын әзірлеуге, өндірілген жергілікті өнімді сертификаттауға қолдау көрсетілді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

Жобаны 2025 жылдың желтоқсанына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға