Жаңалықтар

Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтуде

Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтуде
Фото: Еl.kz 04.03.2023 20:13 1289

Зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Турнир  AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырған.

Турнирде жалпы саны 50-ден аса адам 55 жасқа дейінгі және кейінгі екі санат бойынша бақ сынайды.

Төлен Әбдік пен Қойшығара Салғара ағамыз бастаған жарыс тартысты өтуде.

Турнирдің бас төрешісі – ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға