Жаңалықтар

Билл Гейтс, Рианна, Дональд Трамптың отбасы қатысқан Азиядағы ең бай адамның тойы қалай өтті

Билл Гейтс, Рианна, Дональд Трамптың отбасы қатысқан Азиядағы ең бай адамның тойы қалай өтті
Фото: әлеуметтік желіден 04.03.2024 14:02 1460

Үндістанның ең бай адамы Мукеш Амбанидің ұлы Анант Амбани мен тағы бір миллиардердің қызы Радика Мерчанттың үйлену тойы туралы әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр. Оған себеп оның тойына Голливуд, Болливуд жұлдыздары, Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер мен президенттер әулеті қатысқан, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

1, 2 және 3 наурыз күндері Үндістанның Джамнагаре қаласында Анант Амбани мен Радика Мерчанттың атастыру рәсімі өткен. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық адам қатысқан. Мерекелік басқосудың өзіне 150 миллион доллар қаржы жұмсалған. Ал тойдың өзі 12 шілдеде өтеді деп жоспарланған.

Мерекелік іc-шараның негізгі жұлдызы Рианна болған. Ол 90 минут бойы өнер көрсеткені үшін 6 миллион доллар алған көрінеді.

Билл Гейтс, Рианна, Дональд Трамптың отбасы қатысқан Азиядағы ең бай адамның тойы қалай өтті

Әлемдік БАҚ-тың жазуынша, мерекелік шарадағы дастарқанды жасауға 20-дан астам аспаз күш салған. Тіпті азық-түлік Индаурадан арнайы әкелінген.

Үш күн қатарынан созылған мерекелік шара ерекше өткен. Ең бірінші күнгі мерекелік кеш «Эверленд кеші» деп аталған. Онда қоңақтар «коктейль» стиліндегі дресс кодпен келген. Екінші күні «Джунглиге саяхат» деп аталды. Ол кеште қоңақтар саяхаттағанда киюге ыңғайлы киім үлгісінде болған.  «Таскер соқпағы мен Хаштакшар» деп аталатын үшінші күні қонақтар Джамнагар сұлулығынан ләззат алып, этникалық үнді киімдерін киген екен.

Билл Гейтс, Рианна, Дональд Трамптың отбасы қатысқан Азиядағы ең бай адамның тойы қалай өтті

БАҚ-та атастыру рәсіміндегі қоңақтардың суреті тарады. Онда Марк Цукерберг, Билл Гейтс, Рианна, Доналд Трамптың қызы Иванка мен күйеу баласы Джаред Кушнер сынды танымал адамдар келді.

Билл Гейтс, Рианна, Дональд Трамптың отбасы қатысқан Азиядағы ең бай адамның тойы қалай өтті

Билл Гейтс, Рианна, Дональд Трамптың отбасы қатысқан Азиядағы ең бай адамның тойы қалай өтті

Үйленіп жатқан жігіттің әкесі үндістандық 66 жастағы Мукеш Амбани Forbes-та әлемдегі бай адамдардың тізімінде 10-орында орналасқан. Оның дәулеті 115 миллиард долларға бағаланған. Ол - Азиядағы ең бай адам.

Оның Reliance Industries компаниясының жылдық табысы 100 миллиард доллардан асады, оның құрамына мұнай-химия, мұнай мен газ, сондай-ақ телекоммуникация және бөлшек сауда кіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға