Жаңалықтар

Білім күні 39 жаңа мектеп өз есігін ашты

Білім күні 39 жаңа мектеп өз есігін ашты
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 01.09.2023 22:10 733

Елімізде жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылды. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ 194 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, сондай-ақ қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.

Айта кетерлігі, мемлекет жыл сайын мектептердің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына қаржы бөліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға