Жаңалықтар

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
Фото: ©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА 09.11.2023 17:00 3006

«Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры 1993 жылы құрылған. Қор білім мен тәрбие саласында отандық және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау арқылы еліміздің адами капиталының дамуына үлес қосып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қор құрамында 32 «Білім-инновация» лицей-интернаты, 1 колледж, «Spectrum» халықаралық балабақшасы, 8 жекеменшік мектеп, 2 халықаралық мектеп (Кембридж бағдарламасы), 6 мектеп, SDU University бар.

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

Осы уақытқа дейін лицей оқушылары пәндік олимпиада мен жоба жарыстарында халықаралық деңгейде – 4 558 медаль, республикалық деңгейде – 5 142 медаль, облыстық деңгейде 17 893 медаль жеңіп алды. 2012 жылы Тараз қаласындағы «Білім-инновация» лицейі халықаралық олимпиадаларда 8 медаль жеңіп алғаны, Ақтөбе қаласындағы БИЛ математика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алғаны үшін үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді.

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

Білім қорының президенті Дархан Өте лицейде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде, ал гуманитарлық пәндер қазақ және орыс тілдерінде оқытылатынын айтты.

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

Лицейдің оқу бағдарламасы халықаралық стандарттарды ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын толық іске асырады. Барлық пәндерді оқыту кезінде жоба негізінде оқыту әдісі кеңінен қолданылады. Оқушылардың бағдарламалау дағдыларын жетілдіру мен заманауи технологиямен жақынырақ танысу мақсатында оқу бағдарламасына «бағдарламалау» және «робототехника» пәндері енгізілді. Бастауыш сыныптарында «математика» пәнін оқытудағы сингапурлық модель бойынша оқыту әдістемесі енгізілді. Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік кешен дайындалды, - деді ол.

Лицейлердегі тәрбие жұмысы «Құндылықтарға негізделген білім беру» моделі негізінде іске асырылады. Осы жұмыс аясында «Qadam» оқу-әдістемелік кешені әзірленді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы мақсатында «KitApp» мобильді қосымшасы тәрізді цифрлы құралдардың көмегімен оқушылардың оқу дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізіп келеді. Лицейлерде 1680 педагог еңбек етеді, оның ішінде 861 ағылшын тілін меңгерген.

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

Дархан Өтенің сөзінше, ағылшын тілін меңгерген отандық мамандар саны жылдан-жылға артып келеді.

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

Мәселен, 2000 жылы ағылшын тілін меңгерген отандық мамандар саны алтау ғана болса, 2023 жылы 793-ке жетті. Қазақстандық мұғалімдер – 1562, Түркиядан келген мұғалімдер – 118. Жас педагог мамандардың кәсіби жетілдірілуін қамтамасыз ету мақсатында алғашқы екі жыл бойы тәлімгерлік қолдау бағдарламасы іске асырылады, - деді Дархан Өте.

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

«Білім-инновация» қоғамдық қорына 30 жыл толды
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға