Жаңалықтар

Білім беру қызметіне лицензия алу үшін не істеу керек?

Білім беру қызметіне лицензия алу үшін не істеу керек?
Фото: Egov 27.02.2025 13:55 139

e-License порталында білім беру қызметін лицензиялау процесі жаңартылды. Енді білім беру мекемелері үшін лицензия алу және қайта ресімдеу қызметтері білім деңгейлері бойынша бөлінді. Бұл процедураны ыңғайлы етіп, өтінім беру кезіндегі қателіктерді азайтуға және қарау мерзімін жеделдетуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын бұл қызмет мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық білім деңгейлері үшін бірыңғай болатын. Енді лицензиялау екі бөлек қызметке бөлінді: Білім министрлігіне қарасты ұйымдар үшін және Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері үшін. Бұл өтінім беру процесін жеңілдетіп, оны түсінікті етеді. 

Білім беру қызметіне лицензия – бұл ұйымның заң талаптарына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын ресми құжат. Ол барлық білім беру мекемелеріне қажет және олардың ресми тіркелуі үшін талап етіледі. 

Қызметті пайдалану үшін:

  • kz порталында авторизациядан өтіп, «Білім» бөліміне өту қажет;
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметі» немесе «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру - сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметі» қызметін таңдау керек;
  • қызмет паспортымен танысып, қажетті құжаттар тізімімен танысу қажет;
  • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу керек;
  • қажетті қызмет түрін таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басу керек;
  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтінімге қол қою қажет.

Мектептер мен колледждерді қоса алғанда, көптеген білім беру мекемелері үшін лицензиялар мен олардың қосымшалары мерзімсіз беріледі. Ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін лицензия мерзімсіз сақталады, бірақ оның қосымшалары бес жылға беріледі.

Лицензия алу процесі 30 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін, ал лицензияны қайта ресімдеу үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Белгілі бір заңнамада қарастырылған жағдайларда қайта ресімдеу мерзімі 20 жұмыс күніне дейін ұзаруы мүмкін. Қызметтердің құны бекітілген: лицензия алу үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, ал қайта ресімдеу үшін – 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. 

Айта кету керек, 2024 жылы Қазақстанда 3038 білім беру лицензиясы берілді. Ең көп лицензия техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына берілді – 1126 лицензия. 

Жаңартылған қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға