Жаңалықтар

Билеттерін қолма-қол ақшаға сатқан: Депутат «Алатау серілері» тобын айыптады

Билеттерін қолма-қол ақшаға сатқан: Депутат  «Алатау серілері» тобын айыптады
Фото: instagram.com/alatau_serileri 16.04.2025 12:47 134

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев колледж оқытушыларына 1 мамыр күні Республика сарайында өтетін “Алатау серілері” тобының концертіне билет алуға мәжбүрлеу деректерін көтеріп, бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оқырмандарынан келіп түскен шағым хаттарды жариялады. Белгілі болғандай, оқытушылар мен студенттерден концертке 5000 теңгеден қолма-қол ақша жиналып жатқан көрінеді. Бір оқырман хатында: “Колледж оқытушысы болып жұмыс істеймін. Бізге қинап билет алғызып жатыр. 5000 теңгені оқытушылар мен студенттерден қолма-қол жинап жүр. Қайда жүгінсек болады. Үнемі осылай ақша жинатады”, – деп ашына жазады. Депутаттың айтуынша, дәл осындай мазмұндағы бірнеше шағым бір күнде келіп түскен.

Оның пайымынша, мұғалімдерді концертке мәжбүрлеп билет алғызу – заңға қайшы әрекет. Әсіресе, білім беру саласының қызметкерлері – колледж және мектеп мұғалімдерінен концертке билет сатып алуды талап ету өрескел заңбұзушылық болып табылады. Мұқаев бұл жағдайды сынға алып, мұғалімдердің бос орын толтыру үшін пайдаланылуы дұрыс емес екенін айтты.

Республика сарайына адам толмай жатса, мұғалімдердің не жазығы бар?! Шағын сахналар да концерт беруге болады. Көресіздер, мына посттан кейін мәжбүрлі билет алдыруға қатысты білім бөлімі де, “Алатау серілерінің” жігіттері де ештеңе білмей шығады, – деп пікір білдірді халық қалаулысы.

Бұл жағдай қоғамда білім саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және мәжбүрлі шараларға қарсы тұру мәселесін қайта көтеріп отыр.

Билеттерін қолма-қол ақшаға сатқан: Депутат  «Алатау серілері» тобын айыптады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға