Жаңалықтар

«Билет құны – 50 мың»: Елордалықтар концерт көремін деп алданған

«Билет құны – 50 мың»: Елордалықтар концерт көремін деп алданған
Фото: © iStock 24.04.2023 17:15 969

Елордалықтар алаяқтан концерт билеттерін 50 мың теңгеден сатып алған деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын тіркеді.

Тергеу барысында жігіттің Instagram әлеуметтік желісі арқылы әншілердің концерттеріне билет сатамын деп жалған жарнама жариялағаны белгілі болды.  Әйгілі әншінің мерекелік кешін көргісі келген қала тұрғыны билет сатып алу үшін 50 мың теңге төлем жасаған. Бірақ, ол концертке келгенде билеттің жалған екендігін анықтаған, ал күдікті байланысқа шықпаған.

Алданғанын түсінген қыз полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас айламен елорданың бірнеше тұрғынын алдағанын анықтады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға